Ел тірегі — бүгінгі түлек
Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №60 мектепті 74 түлек бітірді. Олардың 9-ы «Алтын белгіге», 2-еуі «Үздік аттестатқа» ие болып, мектеп мәртебесін көтерді.
Биыл білім шаңырағы бесінші мәрте түлегін түлетті.
— «Оқу инемен құдық қазғандай» деген нақыл бар. Биылғы 11 түлегіміз өз күш-жігерлерінің арқасында мектепті үздік аяқтап, ата-аналарының үмітін ақтап, тәлім берген ұстаздарының сенімінен шыға білді. 11 оқушымыздың жетістігі — олардың мектептің 5 жылдығына қосқан үлкен сыйы.
Биылғы түлектердің мектеп тарихында алар орны ерекше болмақ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа–тұс келген мектебіміздің 5 жылдығында 9 «Алтын белгі» иегерін түлеп ұшырту — мектеп үшін үлкен белес, — дейді мектеп басшысы Абзал Тәжімішев.
№60 мектептің «Алтын белгі» иегерлері: Дильназ Жұмақұлова, Шынар Жоламанова, Динара Жалғасбаева, Әбдірахим Жалбасов, Әлішер Сабыр, Еркеназ Ұзақбаева, Нұрбақыт Өтепбаева, Динара Жұмаева, Гүлдана Өтегенова. Ал Фариза Хамитова мен Аңсаған Көлжан «Үздік аттестат» иеленді.
Б.АЛТАЙ.